Қоғам

Қызылорда тұрғыны түзеу мекемесіне телефон лақтырмақ болған жерінен ұсталды

Қызылорда тұрғыны түзеу мекемесіне телефон лақтырмақ болған жерінен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: полиция

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел тобы мен № 60 мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері түзеу мекемесінің тыйым салынған аумағына белгісіз заттарды лақтырмақ болған қала тұрғынын ұстады.

Оқиға орнына Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұсталған азаматты тексеру барысында скотчпен оралған зат табылды. Оның ішінен үш телефон тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласының әкімшілік сотына жолданды.

Сайт Әкімшілігі