Қоғам

Қызылордада 14 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты

Қызылордада 14 жастағы жасөспірім қайғылы жағдайда көз жұмды.

Фото: әлеуметтік желіден

Туыстарының айтуынша, ол қатарласымен жанжалдасып, кеуде тұсына бұрауыш сұғылғаннан кейін оқиға орнында қайтыс болған.

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 21 қазанда Қызылорданың орталық алаңында болған. Бұл туралы марқұмның әпкесі Threads әлеуметтік желісінде жазды.

Оның мәліметінше, 14 жастағы жасөспірім мен 13 жастағы танысының арасында жанжал туындаған. Дауға 1000 теңге себеп болуы мүмкін. Жанжал барысында қатысушылардың бірі жасөспірімнің кеуде тұсына бұрауыш сұғып алған. Алған жарақаты салдарынан ол сол жерде көз жұмған.

Марқұмның әпкесі оқиғаға бірнеше адамның қатысы болуы мүмкін екенін де айтқан.

Полиция департаменті осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Кәмелетке толмаған күдікті облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған. Тергеу барысы полиция басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Сайт Әкімшілігі