Әлеумет

Қызылордада жасөспірімнің қазасына қатысты үш күдікті ұсталды

Қызылордада дәмхана маңында жасөспірімді пышақтап өлтірді деген күдікпен үш адам ұсталды.

Фото: из открытых источников

Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 8 қазанда қаладағы дәмханалардың бірінің жанында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бірнеше жігіт жасөспірімге шабуыл жасап, пышақтаған. Ауыр жараланған азамат ауруханаға жеткізілген, алайда кейін көз жұмған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция үш күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты алынған барлық бейнежазбаны зерттеген. Қазір қылмысқа басқа адамдардың да қатысы болуы мүмкін деген ақпарат тексеріліп жатыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу қорытындысы бойынша әр күдіктінің қылмысқа қатысу деңгейі мен рөліне құқықтық баға беріледі.

Әзірге шабуылдың нақты себебі, ұсталғандардың жеке басы және оқиғаның өзге де мән-жайлары жарияланған жоқ.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сайт Әкімшілігі