Әлеумет

Қызылжардағы жұмыссыздардың саны жарияланды

Солтүстік-Қазақстан облысында жұмыссыздардың санын статистика департаменті жариялады.

Jasalash.kz
Бұл туралы Жас Алаш сайты хабарлайды.2018 жылдың төртінші тоқсанындағы есеп бойынша 15 жас және одан жоғары  жұмыс күшінің саны 311 мың адамды болса, жұмыссыздар бар-жоғы 4,8 па     йыз екен. 2016 жылы 4,9 көрсеткіш болған. Осылайша, елдегі дағдарысқа қарамай солтүстік өңірде жұмыссыздық мәселесі жоқ деуге болады. Статистика департаментінің мамандарының есебінше, облыста 296 мың адам еңбек етіп жатыр. Олардың 72 пайызы жалдамалы жұмысшылар. Қалғандары дербес еңбек ететіндер. Олардың 59 пайызы ауыл шаруашылық саласында жұмыс жасайды. Сондай-ақ, солтүстіктегі ағайынның 17 пайызы сауда-саттықпен айналысады екен.Фото: allan999.su
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега