Қоғам

Ресей Navai-дің ұсталуына байланысты Қазақстанға ресми нота жолдады

Ресейдің Бас консулдығы рэпер Navai-дің Қазақстанда ұсталуына байланысты еліміздің Сыртқы істер министрлігіне ресми нота жолдады.

Фото: ашық дереккөз

Ресей тарапы оқиғаға қатысты түсініктеме сұрап, музыкантқа консулдық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Еске салайық, Navai 13 қазанға қараған түні Қырғызстаннан Қазақстанға кіріп келе жатқан кезде "Қордай" шекара бекетінде ұсталған. Осы оқиғадан кейін рэпердің 14 қазанда Астанада өтуі тиіс концерті тоқтатылды.

Әншіге қатысты есірткіні заңсыз сақтау және оны контрабандалық жолмен алып өтуге оқталу баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында отыр.

Сайт Әкімшілігі