Live

Ресейде әскери-транспорттық ұшақ апатынан 19 адам қаза тапты

Ресейде әскери-транспорттық ұшақ апатынан 19 адам қаза тапты

Фото скриншот

Ресейдің Кемеров облысында Ан-12 әскери-транспорттық ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 19 адамның барлығы көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болған.

Ұшақ Ягуново ауылы маңындағы адам тұрмайтын жерге құлаған. Оқиға орнында ТЖМ, Росгвария және апаттық медицина мамандары жұмыс істейтін штаб құрылды.

Ресейдің Тергеу комитеті ұшу ережелерін бұзу немесе ұшуға дайындық талаптарын сақтамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ әуеде жанып кеткен. Бұған жанармайдың ағуы себеп болуы мүмкін. Әлеуметтік желілерде апатқа ұшыраған ұшақтың құлау сәті түсірілген видеолар тарады.

Ресей Қорғаныс министрлігі Ан-12 бортындағы экипаж мүшелері мен жолаушылардың барлығы қаза тапқанын растады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Ресей