Live

Ресейде атом бомбадан қорғайтын жылжымалы баспаналардың сериялық өндірісі басталды

Бүкілресейлік Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар ғылыми-зерттеу институты Ресейде алғаш рет «КУБ-М» жылжымалы баспаналарының сериялық өндірісі басталғанын хабарлады. Өндіріс Нижегород облысының Дзержинск қаласында іске қосылды.

Фото: AP

Ұйымның хабарлауынша, баспана «азаматтарды әртүрлі қауіптерден, соның ішінде табиғи апаттар мен техногендік оқиғалардан қорғауды қамтамасыз етеді».

Баспананы жасаушылар 2023 жылдың желтоқсан айында «КУБ-М» «48 сағат бойы ядролық жарылыстың ауа соққы толқыны мен жарық сәулеленуінен қорғайтынын» хабарлады. Ол сондай-ақ аумақты радиациялық және радиоактивті ластанудан, қауіпті химиялық заттар мен өрттерден қорғайды.

Жылжымалы баспананың стандартты жиынтығы екі модульден тұрады: 54 адамға арналған бөлме және техникалық блок. Оның аумағын қосымша модульдер есебінен кеңейтуге болады. Бұл баспаналарды оңай тасымалдауға және қолданыстағы инженерлік жүйелерге қосуға болатыды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: атом бомбасы