Live

Ресейде қазақстандық зейнеткер полиция қызметкерлерін ұрды деген айыппен қамауға алынды

Ресейдің Орынбор аудандық соты 74 жастағы Қазақстан азаматына қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Фото: ЖИ / Жас Алаш

 Ол Орынбор әуежайында екі полиция қызметкеріне күш қолданды деп айыпталып отыр.

Сот мәліметінше, қарт ана Ресейге қызын көру үшін жолға шыққан. Ол алдымен автокөлікпен шекарадан өтіп, кейін сапарын әуе рейсімен жалғастырмақ болған. Әуежайдағы тексеру кезінде оның қол жүгінен бес литрлік май құтысы табылған. Әуе тасымалы ережелері түсіндірілген соң, жолаушы агрессивті әрекет танытып, құқық қорғау органдары өкілдеріне күш қолданған.

Алайда сот отырысында зейнеткер күш қолданғанын жоққа шығарды.

Сот айыпталушының жасын ескере отырып, бастапқыда өтінішті кейінге қалдырып, туыстарына кепіл немесе үйқамақ түріндегі балама бұлтартпау шарасын қарастыруға мүмкіндік берген. Дегенмен, уақытша ұстау изоляторынан алынған мінездемелер оның белгіленген тәртіпті сақтауға ниетсіз екенін көрсеткен.

Сонымен қатар, сотта айыпталушының Ресей аумағынан жедел кетуге ниеті бар екені туралы жедел ақпарат та ескерілген.

«Жеке басына қатысты деректерді және тергеуден жалтару қаупін ескере отырып, сот екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім қабылдады», - делінген сот хабарламасында.

Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сайт Әкімшілігі