Live

Ресейде пилотсыз ұшақтардың шабуылы қаупіне байланысты 7 әуежай жабылды

Ресейдің жеті аймағында ұшуға тыйым салу ресми түрде енгізілді, деп хабарлады Федералды әуе көлігі агенттігі.

Фото: из открытых источников

27 желтоқсан, жұма күні таңертең Ресейдің жеті әуежайында ұшақтардың ұшып кетуіне және келуіне уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды ресейлік агенттіктер мен Telegram арналары. 

Мәскеу уақытымен таңғы сағат 5-те Сочи әуежайында шектеулер енгізілді, деп хабарлады Росавиация өкілі Артем Кореняко. «Әуе кемелерінің экипаждары, диспетчерлер және әуежай қызметтері ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда – бұл бірінші кезектегі міндет», - деді ол. Әуежайдың баспасөз қызметі 12 ұшақтың балама аэродромдарға жіберілгенін, бірнеше рейс кейінге шегерілгенін растады. Таңғы сағат 6-дан бастап Қазан әуежайында да осындай шектеулер енгізілді.

27 желтоқсанға қараған түні Астрахань және Волгоград әуежайларында да уақытша шектеулер енгізілді. Әуе көлігі федералдық агенттігінің мәліметінше, олар Мәскеу уақыты бойынша 06.40-тан бастап қалыпты жұмыс істейді. Жабық аспан режимі Самара, Грозный және Махачкала әуежайларында да енгізілгенін айтылады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Ресей