Live

Ресейдегі зауыттарға дрондар шабуыл жасағаннан кейін Қарашығанақта газ өндіру көлемі қысқарды

Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Оның айтуынша, шабуылдар Қарашығанақта өндірілетін газдың үштен бірі жөнелтілетін Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған.

Фото:ашық дереккөз

«Қазіргі таңда біз Қарашығанақ кен орнындағы өндірісті тәулігіне 34 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін қысқартуға мәжбүр болдық. Қысқару көлемі 9 мың тоннаны құрады. Әрине, қазір газ қабылдау көлемі де азайды», - деді министр.

Сонымен қатар Ақкенженов Қазақстандағы газбен қамту жүйесінің жұмысы бұзылмағанын атап өтті.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Мұнай газ