Live

Ресейдің екі дроны Латвия аумағына түсті: Бұл әдейі жасалған шабуыл ма?

Латвия билігінің мәліметінше, Ресей тарапынан ұшып келген екі дрон мұнай сақтау базасы аумағында апатқа ұшыраған. Салдарынан төрт бос мұнай резервуары зақымданды.

Фото: ЖИ / Жас Алаш


Қорғаныс министрі дрондар Украинадан Ресейдегі нысандарға бағытталған болуы мүмкін екенін айтты. Оқиғадан кейін НАТО-ның Балтық әуе полициясы миссиясына қатысатын әскери ұшақтар көтерілген.

Шабуыл болған нысан Ресей шекарасынан шамамен 40 шақырым жерде орналасқан. Жергілікті уақытпен таңғы сағат 05:00-де билік шекара маңындағы тұрғындарға дрон қаупі туралы ескерту жасап, үйлерінен шықпауға шақырды. Барлық мектеп бір күнге жабылды.

Еске салайық, наурыз айының соңында украиналық дрондар Балтық елдерінің өзге аумақтарына да құлаған болатын. Бірі электр станциясының мұржасына соғылса, тағы бірі қатып қалған көлге түсіп жарылған.

Осыдан кейін Балтық елдері өз аумағы мен әуе кеңістігін Ресейге қарсы дрон операцияларына пайдалануға рұқсат бермейтінін мәлімдеген еді.

Сайт Әкімшілігі