Live

Reuters: КҚК 27 шілдеде мұнай тиеуді қайта бастайды

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) бір апталық үзілістен кейін мұнай тиеуді қайта бастайды.

Фото: cpc.ru

Reuters агенттігінің мәліметінше, Қара теңіздегі Новороссийск маңындағы Оңтүстік Озереевкадағы КҚК теңіз терминалында мұнайды танкерлерге тиеу 27 шілде, дүйсенбі күні қайта жанданады.

Бұл туралы агенттікке саладағы үш дереккөз хабарлаған.

Негізінен қазақстандық мұнайды экспорттайтын консорциум 20 шілдеде терминал маңында танкерге дрон шабуылы жасалғаннан кейін мұнай тиеуді тоқтатқан болатын.

КҚК – Қазақстан мұнайын экспорттайтын негізгі бағыт. Елдің экспорттық мұнайының 80 пайыздан астамы осы құбыр арқылы тасымалданады. Оның ішінде Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының мұнайы да осы бағытпен жөнелтіледі.

КҚК терминалы арқылы экспорттың тоқтатылуынан кейін Қазақстан мұнай өндіру көлемін қысқартуға мәжбүр болды.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында КҚК теңіз терминалы арқылы 33,362 млн тонна мұнай тиелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 36,025 млн тоннамен салыстырғанда төмен көрсеткіш.

Сайт Әкімшілігі