Reuters: Ресей Қазақстан мұнайын Германияға «Дружба» арқылы тасымалдауға тыйым салуы мүмкін
Ресей 2026 жылғы 1 мамырдан бастап Қазақстан мұнайын Германияға Дружба мұнай құбыры арқылы транзиттеуді тоқтатуды жоспарлап отыр.
Бұл туралы Reuters салалық үш дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. Мүмкін тоқтатудың нақты себептері жарияланбаған.
Әңгіме Қазақстан мұнайын Ресейдің құбыр жүйесі арқылы Германияға жеткізу туралы болып отыр. Бұл тақырып Қазақстан үшін аса маңызды, себебі ел Еуропа бағытындағы экспортты ұлғайтуды көздейді. Бұған дейін сәуір айында Қазақстан 2026 жылы Германияға 2,5 млн тоннаға дейін мұнай жеткізуді жоспарлап отырғаны айтылған.
ҚазТрансОйл дерегіне сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мұнайының Германияға экспорты 353 мың тоннаға өсіп, 730 мың тоннаға жеткен. Бұл мәліметтер компанияның қаңтар-наурыз айларындағы операциялық есебінде жарияланған.
Осы жағдайда транзиттің тоқтауы Қазақстан мұнайын Еуропаға жеткізетін маңызды бағыттардың біріне әсер етуі мүмкін.
Reuters Қазақстанның ресейлік экспорт бағыттарына тәуелділігі бұған дейін де мұнай жеткізілімі үшін тәуекел факторы болғанын еске салады.
Бұған дейін Ресейде Қазақстан мұнайын Еуропаға тасымалдау тарифтерін көтеру ұсынылғаны да хабарланған.