спорт

Рыбакина Брисбенде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шықты.

Фото: Twitter.com/wta/

Жартылай финалда қазақстандық теннисші чехиялық 19 жастағы Линда Носкованы (No40) 65 минутта 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Айта кетейік, екінші жартылай финалда Беларусь елінің екі теннисшісі - Арина Сабаленка (No2) мен Виктория Азаренка (No21) сынға түседі.

Жангүл Есениязова