Live

Руслан Жанпейісовтің қамауға алынуы: блогер мәлімдеме жасады

Шымкентте апелляциялық сот блогер Руслан Жанпейісовтің (Бибарс Райымбеков) ісін қарады.

Фото: ҚазТаг

Полицейлердің пайымдауынша, блогердің тікелей эфир кезіндегі әрекеттері мен рейдтер туралы пікірлері құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірген. Ал Жанпейісов болса, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын тәртіп сақшыларының өздері өтінген соң жариялағанын алға тартады.

— Маған полиция қызметкерлері қоңырау шалып: «Келіп, осы рейдтерді түсірші. Оқырманың көп, қала тұрғындарына ескерту жаса», - деді. Мен осы өтініш бойынша түсірдім. Видеода көлік иелеріне өздерімен бірге әрдайым жилет, өртсөндіргіш алып жүру керегін түсіндіруімді сұрады. Болды. Мен ешқандай қарсы әрекет жасаған жоқпын, - деген блогер сотта.

Сот шешімі

Дегенмен, сот оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігі — «Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау») кінәлі деп танып, 23 сәуірдегі алдыңғы шешімнің күшін жойды. Нәтижесінде блогер 15 тәулікке қамауға алынды. Жанпейісов сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді.

Айта кетейік, 23 сәуірде сот Қызылорда облысы полицейлерінің рапорты бойынша құқық бұзушылық құрамын таппаған болатын. Алайда, Қарағанды облысы қызметкерлерінің рейдіне қатысты басқа бір эпизод бойынша блогер бұған дейін 4 тәулікке қамауға алынған еді.

Сайт Әкімшілігі