Әлеумет

Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуына байланысты Салық кодексіне түзетулер енгізіледі

Мәжіліс Парламент депутаттары бастамашы болған Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Фото: ашық дереккөз

Түзетулер Конституция мен «Конституциялық Сот туралы» Конституциялық заң нормаларын іске асыруға бағытталған. Құжат аясында Салық кодексіне бір палаталы Парламент – Құрылтайды құруға, Қазақстан Халық Кеңесін құруға, сондай-ақ конституциялық заңнан ұқсас норманың алып тасталуына, азаматтардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жіберу кезіндегі мемлекеттік баждарды алып тастауға байланысты өзгерістер енгізіліп отыр.

Заң жобасында сондай-ақ құқықтық реттеудің мәнін өзгертпей, жекелеген нормалардың редакциясын техникалық тұрғыдан нақтылау және біріздендіру көзделген. Атап айтқанда, «шетелдік» терминін «шетелдік азамат» ұғымымен алмастыру, «тенге» сөзін «теңге» нұсқасына келтіру, сондай-ақ аумақ атауларын көрсету тәртібін астанаға басымдық бере отырып реттеу ұсынылды.

Бұдан бөлек, салық заңнамасындағы институционалдық атауларды жаңа конституциялық модельге сәйкес келтіру қарастырылған.

Сайт Әкімшілігі