Live

"Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ басшылары ісі: пәтер терезесінен доллар салынған чемоданды кім лақтырғаны айтылды

"Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазақстан темір жолы" басшыларына қатысты тергеу аясында доллар толтырылған чемоданды кімнің лақтырғаны айтылды.

Фото: Kozachkov offside

Журналист Михаил Козачков дереккөзге сілтеме жасап, күдіктілердің бірінің әйелі құқық қорғау органдарының қызметкерлері пәтер есігін қаққанда, балконнан ақша салынған чемоданды лақтырып жіберген болуы мүмкін екені хабарланды.

Сондай-ақ пара сомасы 6 миллион доллар болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Алайда бұл сома әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Еске салайық, 11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Нұрлан Жақыповты, "Қазақстан темір жолы" компаниясының төрағасы Елжас Орыншиевті және тағы бірнеше адамды ұстаған. Олар сыбайлас жемқорлыққа күдікке ілінген.

Сайт Әкімшілігі