"San-Andreas", "MOOZ", "Zadira": Астанада есірткі дүкендерін ұйымдастырғандар сотталды
Астанада "San-Andreas", "MOOZ", "Zadira" және "Царство Аида" атауымен жұмыс істеген есірткі дүкендеріне қатысты үш сот үкімі заңды күшіне енді.
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 18 мүшесі 16 және 17 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот материалдары бойынша, қылмыстық топтардың құрылымы бірнеше деңгейден тұрған. Олардың арасында топты ұйымдастырушылар, қойма қызметін де атқарған куратор және есірткіні жасырын орындарға жеткізіп, орналастырған курьерлер болған.
Сот шешімімен сотталғандардың ақша қаражаты, цифрлық активтері, мүлкі мен автокөліктері мемлекет кірісіне тәркіленді.