Live

Сауд Арабиясына жасалған шабуылдар аясында мұнай қымбаттады

Brent маркалы мұнайдың баррелі 106,58 долларға дейін қымбаттады.

Фото: Максим Шеметов / Reuters

 Бұған хуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдары әсер етті. Сонымен қатар трейдерлер Ресейден дизель отынын жеткізу көлемінің артуы нарықтағы тапшылықты азайтуы мүмкін екенін ескеріп отыр. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,8%-ға өсіп, барреліне 106,58 долларға жетті. Ал америкалық WTI мұнайы 0,9%-ға қымбаттап, баррелінің бағасы 94,94 доллар болды. Алдыңғы сауда сессиясында Brent 0,9%-ға арзандаса, WTI 0,4%-ға өскен еді.

Мұнай бағасына қатысты алаңдаушылықты хуситтердің Дахран қаласындағы Saudi Aramco мемлекеттік мұнай компаниясының әкімшілік ғимаратына жасаған шабуылы күшейтті.

Сонымен бірге Ресейден дизель отынын экспорттау көлемінің артуы бағаның одан әрі құбылуын шектеуі мүмкін. Nissan Securities Investment компаниясының бас стратегі Хироюки Кикукава WTI мұнайы баррелінің бағасы 90-100 доллар аралығында саудаланады деп болжайды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Мұнай