Сауд Арабиясында әуежайға жасалған зымыран шабуылынан екі Өзбекстан азаматы жараланды
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, оқиға 10 қазанда Эр-Рияд әуежайының № 3 терминалында болған.
Жараланған екі адам Diriyah Hospital ауруханасына жеткізілген.
Шабуыл кезінде әуежай аумағында Өзбекстанның тағы 20-ға жуық азаматы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар зардап шекпеген.
Хабарламада 12 адам қаза тауып, 309 адам жараланғаны айтылған. Сондай-ақ әуежай жұмысы тоқтатылып, ондаған рейс кейінге шегерілгені немесе тоқтатылғаны жазылған.
Алайда құрбандар саны мен әуежай жұмысына қатысты бұл мәліметтер әзірге ресми дереккөздер арқылы расталған жоқ.