Live

Сауда министрлігі Wildberries қоймасын Қазақстанға көшіру ықтималдығына пікір білдірді

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі Wildberries компаниясынан республика аумағында қосымша қоймасын орналастыру мәселесіне қатысты әзірге ешқандай ресми өтініш түспегенін мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз

Ведомствоның хабарлауынша, егер мұндай ұсыныс келіп түссе, ол Қазақстанның ұлттық мүдделері мен қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралады.

Министрлік халықаралық компаниялардың жобалары өзара тиімді негізде жүзеге асырылып, отандық кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашып, ел экономикасына инвестиция тартуға ықпал етуі тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ министрлік Қазақстанның транзиттік және логистикалық әлеуеті жоғары екенін еске салып, заманауи қойма және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және трансшекаралық электронды сауданы дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды қолдайтынын жеткізді.

Бұдан бөлек, тауарларды тасымалдау, сақтау және айналымға шығару процестері Қазақстан заңнамасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық нормаларымен реттелетіні айтылды. Сондықтан нарықтың жекелеген қатысушылары үшін қандай да бір ерекше жеңілдіктер немесе айрықша шарттар қарастырылмайды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Wildberries