Әлеумет

"Сегіз Нобель сыйлығын алуым керек еді": Трамп бейбітшілік сыйлығының нәтижесіне наразы

АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының өзіне берілмегеніне наразылық білдірді.

Фото: Tasos Katopodis/Getty Images

 Ол халықаралық қақтығыстарды реттеуге қосқан үлесі үшін сегіз мәрте осы марапатқа лайық екенін мәлімдеді.

"Шын мәнінде, мен бір емес, сегіз Нобель бейбітшілік сыйлығын алуым керек еді", – деді Трамп.

АҚШ президенті өзінің араласуымен әлемдегі сегіз қақтығыс тоқтатылғанын алға тартты. Олардың қатарында Үндістан мен Пәкістан, Армения мен Әзербайжан, Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстарды атады.

Алайда Трамптың сегіз соғысты тоқтатқаны туралы мәлімдемесі халықаралық деңгейде толық расталған жоқ. Кейбір қақтығыстар бойынша тараптар арасындағы келіспеушіліктер әлі де сақталып отыр.

2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы оңтүстікафрикалық құқық қорғаушы Нави Пиллейге берілді.

Трамп бұл шешімді сынап, Норвегияның беделіне нұқсан келетінін айтты.

Айта кетейік, Дональд Трамп бұған дейін де Нобель бейбітшілік сыйлығына лайық екенін бірнеше рет мәлімдеген. Ол өзінің сыртқы саясаттағы бастамаларын халықаралық қақтығыстарды реттеудегі маңызды жетістік деп есептейді.

Сайт Әкімшілігі