спорт

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

Олимпиада чемпионы әлеуметтік желідегі парақшасында Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайланғанын хабарлады.

Фото: ашық дереккөз

«Бүгін президент ретінде кезектен тыс конференцияда комитет басшылығының жаңа құрамын таныстырдым, сондай-ақ алдағы жоспарларды белгіледім», - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Сәпиев өткен жылдың қарашасында Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Серік Сәпиев