спорт

«Шахтер» мен «Астана» арасындағы ойын көрерменсіз өтеді

2023 жылғы Қазақстан чемпионатының соңғы турында «Шахтер» мен «Астана» арасындағы ойын көрерменсіз өтеді.

Фото: фк шахтер

2023 жылғы Қазақстан чемпионатының соңғы турында «Шахтер» мен «Астана» арасындағы ойын көрерменсіз өтеді.

"Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан чемпионатының 26-шы турындағы «Шахтер» - «Астана» матчы көрерменсіз өтеді, деп хабарлады қарағандылық клубтың баспасөз қызметі".

Ойын 29 қазанға жоспарланған, басталуы - 17:00-де. ҚКФЛ шешімімен Қазақстан чемпионатының 26-шы турындағы барлық матчтар бір минут үнсіздікпен басталады.

Еске салайық, 28 қазан күні түнгі сағат 02.33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт шыққан. Жер астында 252 адам болған, олардың 205-і бірден жоғарыға шығарылды.Өрттің арты жарылысқа ұласты. Қазіргі кезде 36 кеншінің денесі табылды, 10 адам іздестіріліп жатыр.

Жангүл Есениязова
Тегтер: фк шахтер