Live

Шахтинскіде гараждағы өрттен бір жасөспірім қаза тауып, екеуін күйік шалды

Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы Молодежная көшесінде орналасқан гараждардың бірінде өрт шыққан. Бұл туралы Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Jasalash.kz

Ведомство мәліметінше, гараж ішінде шатырдың ағаш қаңқасы, пайдаланылған заттар және екі мотоцикл өртенген. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құраған.

Өртті сөндіру барысында 2008 жылы туған жасөспірімнің мәйіті табылған. Сонымен қатар 2008 және 2009 жылы туған тағы екі жасөспірім күйік белгілерімен жедел жәрдем арқылы ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді.

ТЖД-ның алдын ала нұсқасына сәйкес, гараж ішінде бензин құю кезінде сұйықтық буы ашық от көзі әсерінен тұтанып кеткен.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: өрт