спорт

Шайдоров Алексей Урмановпен жұмысын тоқтатты: мәнерлеп сырғанаушы әзірге бапкерсіз қалды

Қазақстанның Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров алтын медаль жеңіп алуға көмектескен бапкері Алексей Урмановпен келісімшартты бұзған.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Шайдоров қазір жаңа олимпиадалық циклге дайындықты бастайды. Осыған байланысты спортшы мен Урмановтың арасындағы келісімшарт тоқтатылған.

Ербол Мырзабосынов бапкерге алғыс айтып, оның отандық спортшыны Олимпиада чемпионы деңгейіне жеткізуге қосқан үлесін атап өтті.

Қазіргі уақытта Михаил Шайдоровтың жаңа бапкері жоқ. Министрлік бұл мәселе шешілген кезде қосымша ақпарат беруге уәде етті.

Айта кетейік, Алексей Урмановпен келісімшарттың тоқтатылғаны туралы әңгіме наурыз айында да тараған. Алайда сол кезде мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құраманың басшысы мұндай мәлімдеме жасауға әлі ерте екенін айтқан еді.

Сайт Әкімшілігі