Қоғам

Шетелдіктер Қазақстанға косметика құтыларына жасырылған 32 келіден астам есірткі әкелмек болған

Алматы әуежайында шетел азаматтары Қазақстанға есірткіні күтім косметикасына арналған ыдыстарға жасырып алып кірмек болған. Алайда олардың әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Фото: ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген рейстерді тексеру кезінде есірткі заттарын аса ірі мөлшерде елге кіргізудің үш әрекетіне тосқауыл қойылған.

Шетелдіктердің жүгінен косметикалық өнім ретінде жасырылған ыдыстар табылған. Олардың ішінен марихуана, каннабис шайыры және гашиш майы анықталған. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 32 келіден асқан.

Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті құзырлы органдарға жолданды.

Сайт Әкімшілігі