спорт

Шымбергенов Азия ойындарының финалына шыға алмады

Төрешілерге қойылар сұрақ көп.

Фото: из открытых источников

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңілді. 

 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Асыланбек 1/2 финалда жапон боксшысы Куинси Оказавамен кездесті. Бұл кездесуде жапон спортшысы төрешілер шешіммен (3:2) жеңіске жетті.

Айта кетейік, Шымбергенов финалға шықса, 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына лицензия алар еді. 

Т. РАУШАНҰЛЫ