Шымкентте бұрынғы аудандық полиция басқармасының басшысы 15 млн теңге пара алғаны үшін сотталды
Шымкент қаласы Полиция департаментінің аудандық басқармаларының бірінің бұрынғы басшысы Батыр Мырзагелдиев 15 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкіміне сәйкес, ол алты жылға бас бостандығынан айрылды. Айта кетейік, былтыр жылдың соңында ұсталған кезде заңсыз сыйақының көлемі 20 миллион теңге деп хабарланған болатын.
Іс материалдарына сәйкес, пара қылмыстық істі тоқтату үшін берілген. Параны беруге делдал болған А. Бекмұратов та сотталып, 3,5 жылға бас бостандығынан айрылды.
Сонымен қатар Батыр Мырзагелдиев полиция полковнигі атағынан, мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айрылды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Айта кету керек, Мырзагелдиев биыл сотталған аудандық полиция басқармасының екінші бұрынғы басшысы болды. Бұған дейін, ақпан айында, Тұран аудандық полиция басқармасының бұрынғы басшысы Нұржан Тілеуов 6 миллион теңге пара алғаны үшін дәл осылай – алты жылға бас бостандығынан айрылған еді.