Қоғам

Шымкентте хиджаб киген қыздан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

Шымкентте полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында синтетикалық есірткілерді таратумен айналысқан күдіктіні ұстады.

Фото: полиция

Тексеру кезінде күдіктінің сөмкесінен жалпы салмағы 2 келі болатын мефедрон салынған төрт пакет табылды. Сонымен қатар одан есірткі заттарын бөліп орауға арналған электронды таразы мен арнайы зип-пакеттер тәркіленді.

Ұсталған азаматшаның жалдап тұрған пәтерін тексеру барысында әрқайсысының салмағы бес грамды құрайтын 32 орама “синтетика” анықталды.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Сайт Әкімшілігі