Live

ШҚО-да 70 мың тоннадан астам кенді заңсыз өндірген кәсіпкер сотталды

Шығыс Қазақстан облысында «AK Metal» ЖШС басшысы Д.К. Бектемиров темір кенін заңсыз өндіру және сату ісі бойынша сотталды.

Фото: ашық дереккөз

Тергеу мәліметінше, кәсіпкер 70 мың тоннадан астам темір кенін заңсыз өндіріп, сатқан. Осы әрекеттерден түскен заңсыз табыс көлемі 1 млрд теңгеден асқан.

Сот Бектемировті 1 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сонымен қатар заңсыз жолмен алынған қаражатқа сатып алынған құны 1 млрд теңгеден асатын активтер мемлекет кірісіне тәркіленді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Сот