Live

ШҚО-да ағашқа соғылған көлікте үш адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысындағы Первомайский кентінде ағашқа соғылған жол апатынан үш адам көз жұмды.

Фото: АШЫҚ ДЕРЕККӨЗ

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала ақпарат бойынша, ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болған.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын объективті анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Еске салайық, 2026 жылдың ақпан айында Алматыдағы Назарбаев даңғылында көлік жолдан шығып кетіп, арықтан асып түсіп, тротуар бойына егілген жас ағаштарды қиратып кеткен болатын.

Кейін қала полициясы салдарынан көлік пен ағаш зақымданғанын, зардап шеккендер болмағанын мәлімдеген еді.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Тегтер: жол апаты