Щучинскідегі дәмханадағы жарылыс: тергеу аяқталды
Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» дәмханасында болған қайғылы жарылысқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.
Бұл ақпаратты Ақмола облысының прокуратурасы растады.
Оқиға салдарынан 20-дан астам адам зардап шеккен. Іс бойынша үш адам күдікті ретінде танылған.
Бұған дейін екі күдіктіге қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсеткен деген айып тағылғаны белгілі болған. Ал үшінші күдікті өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзды деп айыпталып отыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, бұл заңбұзушылық екі немесе одан да көп адамның қаза болуына әкелген.