Live

Щучинскте жарылыстан жалпы 26 адам зардап шегіп, 7 адам қайтыс болған

ТЖМ мәліметінше, Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 7-ге жеткен: 5 адам оқиға орнында, тағы 2 адам 2026 жылдың 26 ақпанында реанимация бөлімінде қайтыс болды.

Фото: скриншот

Бастапқыда 15 адам ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта стационарлық емдеуде 13 жаралы бар.

Ал 6 зардап шеккен адам тексеріліп, қажетті медициналық көмек көрсетілген соң амбулаториялық емге жіберілді.

Қабылданған жарақаттардың негізгі сипаты – әртүрлі дәрежедегі термиялық күйіктер, олардың аумағы мен тереңдігі әртүрлі.

Пациенттердің жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Сайт Әкімшілігі