Оқиғалар

Шымкентте есірткі курьері ұсталды: аса ірі мөлшердегі мефедрон тәркіленді

Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында есірткі таратумен айналысқан жас жігітті ұстады.

Фото: пооиция

Жалдамалы пәтерге жүргізілген тінту барысында полицейлер құрамында мефедрон психотроптық заты бар үш ораманы тауып, тәркіледі.

Тексеру барысында күдіктінің қыркүйек айынан бастап есірткі сататын интернет-дүкеннің курьері әрі ораушысы ретінде заңсыз қызмет атқарғаны анықталды.

Кейін күдіктінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттері барысында қала аумағынан жасырылған орын анықталып, одан мефедрон салынған ірі орама тәркіленді.

Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі