Шырғалаңдағы Шұбартау Оразбаевтан үмітті
1997-98 жылдары жаппай жүргізілген Үкіметтік деңгейдегі «оңтайландыру»науқанында Шығыс Қазақстан облысындағы Шұбартау ауданы да аудан мәртебесіненайырылып, Аякөз ауданының құрамына өтті.
Бір кездері ірі аудан орталығы болғанБаршатаспен сол кезден бастап, байланыс қиындап, ауыл ит арқасы қияндағымекенге айналып сала берді. Аудан орталығы – Аякөзден 180 шақырым қашықтықтажатқан Баршатасқа барып-қайту оңай еместігін жол қатынасының азабын сезінгендекөрдік. Жолай Бидайық, Қосағаш, Мәдениет ауылдарына да ат басын бұрғанымызбен,Баршатастың бейнетінен досың түгілі жауыңа тілемейтін әсер алғанымыз шындық.
Басынан бағы тайған Баршатас
Ауыл ішіне кіребергенде «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» екенін еске түсірген ескі баннеркөзімізге шалынды. Өткен жылғы Тәуелсіздік мерекесі кезінде ілініп, сол күйіқалып қойғаны көрініп түр. Бұл түк емес екен. Дөңестеу төбешік басына арнайыстелла типінде орнатылған «2003-2005» жыл мен «Гүлденсе ауыл, гүлденемізбәріміз» деген стелладағы жазудыоқығанда барып, сол кездегі президент Назарбаевтың бастамасымен бір кездері үшжылды қатарынан «Ауыл жылы» деп жарияланғаны ойыма оралды. Бірақ, сол үш жылдықатарынан еншілесе де, содан бері табаны күректей 15 жыл өтсе де Баршатасауылының асығы алшысынан түскені қайда, аянышты халге жеткенін аңғардық.
Жөн сұрай жүріп, ауыл әкімдігінің ғимаратына кіргеніміздежергілікті ақсақалдар кеңесі мүшелерінің арыз-армандарын айтуға арнайы жиналыпотырған сәтіне дөп түстік. Ауыл әкімі қызметін атқарған Бақытжан ЖҰМАХАНОВТЫҢденсаулығына байланысты жұмысынанн босатылғанын естідік. Ақсақалдардың бірі жұрттыңжағдайымен танысуға «ЖасАЛАШТЫҢ»тілшісі келетінінен хабардар болғанын айта келе, сол мақсатта басқосып отырғандарын мәлімдеді. Жиынға «бас-көз» болуға әкімшіліктің бас маманыСерік ӘМІРБЕКОВ қатысқанымен, қарттардың сөзіне араласпай, жақ ашпаған қалпытыныш отырды. Алғашқы сөзді Нәдір ақсақал бастады.
«Алғашқыдақаладағы балалардың оқуына, жұмысына сеп болып отырайық деп бірер мал ұстап,көшпей қалып қойдық. Соңғы жылдары ауылдың бұрынғы күш қуаты қайта бастады. «Тірекауылдар» қалпына да іліге алмай қалды. Сенген елбасымыз «Нұр Отандағы» жиында«паразит ауылдар көбейіп кеткенін» айтқанда, қатты намыстандым. Тап бізді айтыпотырғандай күй кештім. Баяғыда біз үшін орыстың «паразит» деген сөзі боқтықсөзбен бірдей болатын. Сол «паразитті» Назарбаев ауылға қаратып айтқан соң, недейін енді?!.. Қара аспан төндіре беруге де болмас, ептеп көшелерге асфальттартөселіп, «косметикалық әрлеулер» жүріп жатыр. Үміт үзуге тағы болмайды.Ауданмен екі аралықтағы жолдың нашарлығыжанымызға батып отыр», — дейді Н. Қарабалин.
Нәдір қарттан кейін сөз алған осындағы байланыс торабыныңқызметкері, «Қазақстанның құрметті байланысшысы» атағының иегері Қайыржан НҰРСИПАТОВ сөз алды.
«Ауыл-ел бесігі» дегенге іліксек екен...»
«Екіаудан біріктірілгелі бері Бваршатастың кетеуі кетіп қалды шынын айтқанда.Шұбартау аудан болып тұрғанда 17 мың халық бар еді. Аудан орталығы болған осыБаршатаста 5 мыңдай тұрғын бар болатын. Аудан тарағалы үдере көшкен халықтанқалған тұрғыны 1 800-ге жете ме, жетпей ме? Әйтеуір, аудан халқының 70пайызы ауып кеткені анық. Өйткені, Аякөзге қосылғалы аудан орталығы болғанБаршатас қағажу күй кешіп, қалтарыста қалды. Ауылды дамытуға арналған небірбағдарламалар шығып жатса да, біріне де іліге алмадық. Үш жыл қатарынан «Ауылжылы» болып жэарияланғанда, аспаннан киіз жауса да, құлға ұлтарақ тимеген»күйге ұшырадық. «Тірек ауылдар» бағдарламасына ілінетін шығармыз деп ойладық.Критерий бойынша халық саны жетіп тұрды, екі рет талпынсақ та бос әуре болды. Басқақұлазыған ауылдардағы бос үйлерге жас мамандар оралып, ортаны толтырып жатыр,ал бізде керісінше жастар үйлерді босатып кетіп жатыр немесе жас мамандаркелгісі келмейді. Ендігі соңғы үміт елбасының пәрменімен өткен жылдың соңындаайтылған «Ауыл- ел бесігі» деген жобасы бар ғой. Шығыс өңірдің Көкпекті, Үржараудандарында осы жобаға ілігу қолға алынып жатыр екен. Орындалуы 2019 жылдан2025 жылға дейінгі аралықты қамтитын жоба орындалар болса, соған Баршатас таенсе, сөне бастаған үмітімізге жан бітер еді. Өйткені, «Ауыл – ел бесігі»бағдарламаға айналып қабылданар болса, әр ауылға 700 млн. теңгеге дейін қаражатбөлінетінін есітіп жатырмыз», -депойын ортаға салды Қ. Нұрсипатов.
Ауылынан қозыкөш жер ұзамай шырақшысындай болып отырғанаға буын ауданның қазіргі әкімі Ділдәбек Оразбаевқа көп үміт артып отырғандарында жасырған жоқ. Қ. Нұрсипатовтың айтуынша, ауданның бұрғынғы басшысы БақытжанБайахметов кезінде аудандық әкімдік болған қазіргі ауыл әкімдігінің ғимаратынжөндеуденг өткізуге өткен жылы 20 млн. теңге бөлінетінін айтқанымен, ол қаражатқайтадан кері қайтарылған. 1983 жылы салынған бұл нысан салынғалы бері ешқандайда жөндеу көрмеген қалпы тұр. Ал, 10 млн. теңге қаражатқа орталық көшеніасфальттаған жайы бар. «Кейінгі әкімненкөп үміт күтіп отырмыз. Қазіргі аудан басшысы Д.Оразбаев сәуір айының соңындатағайындалғалы екі рет келіп кетті. Жағдаймен жақсы таныс. Алайда, биыл бюджетқаражаты жыл басында қабылданып кеткендіктен, қордаланған мәселенің шешімікелесі жылға қалғанын айтып отыр», — дейді Қайыржан ақсақал.
Бүгінде тұрғындарының көбі кетіп азы қалған бұрынғы ауданорталығының жүдеу кейпін ары қарай бас маман С. Әмірбековпен бірге араладық. Шындығыкерек, Баршатас қана емес, Шұбартау өңірінің бірқатар ауылдары атап айтқанда,Емелтау, Малгелді, Байқошқар ауылдарының әр күні келешекке күмәнмен өмір сүріпжатыр.
Десек те, ертеңгі ұрпақтың көкейінде қандай ой барынбілсек, деген оймен, О. Меңаяқұлы атындағы Баршатас орта мектебіне бассұққанымызбен, оқушы, мұғалім, тұрмақ директормен тілдесе алмадық. Директоры Г.Сиқымбаевадан алдымен рұқсат сұрағанды жөн көріп, кіріп кеткен әкімдіктің басмаманы оның «республикалық байқауға дайындалып жатқаны себепті тілшімен тілдесеалмайтынын айтып»мойынына су кетіп қайта шықты. Байқағанымыз, мектепауласындағы гүлзар ауылдық әкімдік алдындағы құрғаған субұрқақтан әдемікөрінеді екен.
Ал, Баршатастағы беткеұстар нысан әкімдіктің қарсыалдындағы субұрқағы бар саябақ іспетті көрініп, сонда бет бұрдық. Бірақ,саябаққа кіргенімізбен, көңілдегі кірбің бәрібір тарқаған жоқ. Ішітазартылмаған, шөбі орылмаған, ыдыстарға салынған гүлдің өзі тұрмақ, топырағыкеуіп кеткен. Саябақтың кіреберісіндегі 1931-32 жылғы ашаршылық құрбандарынақойылған ескерткіштің қай жылы орнатылғаны белігісіз. Мәрмәр тасы жарылып,жарықшағына желімқағаз (скотч) жапсырылғанына қарағанда жеті-сегіз жыл өткенсекілді.
-Мынаескерткіш қашан орнатылған?, -дедім бас маман С. Әмірбековке.
-Білмедім,шамасы жетпісінші, сексенініші жылдары болуы керек...-деп күмілжіген оныңтарихи дүниетанымының өзіне бас шайқамасқа амал қалмады. Өйткені, 1970-80жылдары ашарашылық құрбандарына ескерткіш орнатпақ тұрмақ, бұл туралы айтудыңөзі мүмкін емес болғанынан бас маманның бейхабар болғаны «ит жоқта шошқаүредінің» кейпін танытып тұр еді...
Сонымен, Шұбартау өңіріне барған сапарымыздансерегелдеңге түскен елді, жолы шырғалаңға түскен жерді көріп қайттық. Басқаауылдарды айтпағанда, бір ғана Баршатастың халін баяндау атқан таңнан батаркүнге дейін еркін жетеді. Алайда, шырғалаңға түскен Шұбартау өңірініңжұртшылығы ендігі үмітті ауданның жаңа басшысы Д. Оразбаевтан күтіп отыр.Сапарымызда аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы жұмыс бабымен облыс орталығына кеткендіктен,кездесудің сәті түспеді. Дегенмен, Шұбартау халқы секілді алдағы уақыттатікелей байланысқа шығар деген үмітпен аттандық.
Фотоларавтордікі.