Live

Шухрат Ибрагимов отбасының суперяхтасын 131 млрд теңгеге сатпақ

Кәсіпкер Шузрат Ибрагимов отбасына тиесілі I Dynasty суперяхтасын сатуға шығарды. Кеменің бағасы — 240 млн еуро немесе шамамен 131 млрд теңге.

Фото: ашық дереккөз

Яхта марқұм Aлиджан Ибрагимов иелігінде болған. Ол қайтыс болғаннан кейін бизнесті ұлы Шухрат Ибрагимов басқарған. Енді отбасы әйгілі суперяхтамен де қоштасуға шешім қабылдап отыр.

Кеме Германияда 2015 жылы жасалған. Сол кезде оның құны шамамен 200 млн доллар болған. Қазір яхта Испанияның Малага қаласында тұр және жаңа иесін күтіп жатыр.

100 метрден асатын алып яхтада «қарапайым» өмірге қажет дүниенің бәрі бар: екі бассейн, екі кинотеатр, SPA-аймақ, жаттығу залы, жағажай клубы және катерге арналған гараж.

I Dynasty — әлемдегі ең қымбат әрі сән-салтанатты жеке яхталардың бірі саналады.

Сайт Әкімшілігі