Солтүстік Кипрде пышақ жарақатынан зардап шеккен қыздың Қазақстан азаматы еместігі анықталды
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кипрде болған шабуыл кезінде зардап шеккен қыздың Қазақстан азаматы емес екенін мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, Кипр тарапы ұсынған ресми мәліметке сәйкес, бойжеткен Қазақстанда дүниеге келгенімен, Қырғыз Республикасының азаматы.
Осылайша, әлеуметтік желілер мен бірқатар ақпарат көздерінде тараған оның Қазақстан азаматы екені туралы ақпарат расталмады.
Естеріңізге сала кетейік, 22 жастағы Жанерке Әбдіразақова Солтүстік Кипрдегі супермаркетте болған пышақ шабуылынан кейін ауыр жағдайда ауруханаға түскен болатын.