Әлеумет

Солтүстік Кипрде қазақстандық қызға пышақпен шабуыл жасалды

22 жастағы қазақстандық Жанерке Әбдіразақова Солтүстік Кипрдегі супермаркетте болған пышақ шабуылынан кейін ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

1

Оқиға 3 тамыз күні шамамен сағат 11:45-те Никосия (Лефкоша) қаласының Ташкынкөй ауданындағы Metropol Market дүкенінде болған.

Жергілікті полицияның мәліметінше, әзірге анықталмаған себеппен ер адам қызға пышақпен шабуыл жасаған. Одан кейін күдікті өз тамағын өзі кесуге әрекеттенген.

Зардап шеккен екі адам да доктор Бурхан Налбантоглу атындағы мемлекеттік ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің бақылауындағы қазақстандық қыз бен күдіктінің жағдайы ауыр деп бағалануда.

Кейбір жергілікті БАҚ куәгерлерге сілтеме жасап, шабуыл жасаған ер адам қыздың бұрынғы жігіті болуы мүмкін екенін жазды. Алайда полиция бұл нұсқаны ресми түрде растаған жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Аталған факі бойынша тергеу басталды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз