Әлеумет

Бас мүфти тойдағы даңғазалық пен бәсекелестікті тоқтатуға шақырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақ тойларының бәсеке мен мақтанға айналып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Той

Осы үрдісті өзгерту мақсатында ол Астанадағы танымал асабалармен кездесіп, той өткізу мәдениетін талқылады.

Бас мүфти қазақ халқы ежелден қуанышын ағайын-туыспен бөлісіп, бас қосу ұйымдастырғанын еске салды. Оның айтуынша, бұрын тойдың басты мақсаты қымбат әншілерді шақыру немесе залды сән-салтанатпен безендіру емес, туған-туыстың басын қосу, үлкендердің батасын алу және ақ тілегін есту болған.

"Ислам дінін ғасырлар бойы ұстанған ата-бабаларымыз той жасағанда ең алдымен ағайынның басын біріктіруге, бата алуға, үлкендердің ізгі тілегін естуге және жастарға тәрбие беруге мән берген. Тойдың көркі қымбат әншілер мен шамадан тыс безендіруде емес, елдің бірлігі мен дастарқанның мол әрі таза болуында еді", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ ол тойды жай ғана көңіл көтеретін жиын емес, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін маңызды орта деп атады. Бас мүфтидің пікірінше, жастар мұндай басқосуларда үлкенді сыйлауды, туыстық байланысты қадірлеуді, ізеттілік пен ұлттық дәстүрді үйренеді.

Осыған байланысты той бағдарламасында тәрбиелік мазмұнға басымдық беру қажет екенін айтты. Ол бұл мәселеге мерекелік шараны ұйымдастырушылар мен асабалар көбірек көңіл бөлуі керегін жеткізді.

 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз