Әлеумет

Болат Назарбаевтың бұрынғы зауыты 740 млн теңгеге сатылымға шығарылды

Болат Назарбаевтың бұрынғы зауыты 740 млн теңгеге сатылымға шығарылды

Болат

Алматы облысының Шамалған ауылында орналасқан, кезінде Болат Назарбаевқа тиесілі компания жұмыс істеген алкоголь зауыты сатылымға шығарылды. Нысан мемлекет меншігіне берілген.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы зауытты 739,9 миллион теңгеге бағалаған. Қосылған құн салығын есептегенде оның бастапқы құны 858 миллион теңгеден асады. Аукцион 8 желтоқсанда өтеді.

Зауыт Шамалған ауылындағы Қабанбай батыр көшесінде орналасқан. Оның құрамына 2,36 гектар жер телімі мен жалпы ауданы 7,2 мың шаршы метр болатын 15 ғимарат кіреді.

Жылжымайтын мүлік тізіліміндегі мәліметке сәйкес, зауыт 2026 жылғы 26 тамызда мемлекетке берілген. Меншік құқығы 11 қыркүйекте тіркелген. Мүлікті қайтару ісіне сот араласпаған.

Ulysmedia.kz мәліметінше, бұл мекенжайда 2009 жылы Болат Назарбаев құрған «BN Alko» компаниясы жұмыс істеген. Экс-президенттің інісі кәсіпорынның құрылтайшысы ретінде 2016 жылдың шілдесіне дейін тіркелген. Кейін компания басқа адамның меншігіне өтіп, 2022 жылы таратылған.

Алайда зауыттың мемлекетке берілгенге дейінгі соңғы иесі кім болғаны және оның қандай себеппен мемлекет меншігіне өткені жарияланбаған.

 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз