Әлеумет

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларды әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салынады

Мақұлданған заң жобаларының жекелеген нормалары пайдаланушыларға қатысты.

Балалар

Атап айтқанда, жедел хабарлар сервистерін қоспағанда, 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларды әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салу көзделіп отыр. Ал уәкілетті органға бес мыңнан астам жазылушы аудиториясы бар онлайн-платформалардың пайдаланушылар тізілімін жүргізу құзыреті беріледі.

Сонымен қатар білім беру курстары немесе белгілі бір саладағы оқыту материалы бар контентті тарату кезінде авторлар диплом немесе сертификатпен расталған тиісті білімі туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті болады.

Сондай-ақ "оккульттік қызметтер" ұғымы енгізіледі. Бұл – табиғаттан тыс, паранормалды немесе ғылыми тұрғыдан расталмаған қабілеттер туралы мәлімдемелерге негізделген қызметтер. Мұндай қызметтер туралы контент оның ойын-сауықтық сипаты және ғылыми немесе практикалық тұрғыдан расталмағаны туралы ескертумен сүйемелденуге тиіс.
 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз