Әлеумет

Ресейдің стратегиялық бомбалаушы ұшақтары Тайвань маңында қайта пайда болды

Тайвань билігі Ресейдің Ту-95 стратегиялық бомбалаушы ұшақтары аралдың әуе қорғанысын аймағына қайта кіргенін мәлімдеді.

Ту-95

19 қарашада Тайвань Қорғаныс министрлігі Ресейдің екі Ту-95 стратегиялық бомбалаушы ұшағы аралға жақын әуе кеңістігінде ұшқанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ресейлік әскери ұшақтар аралға оңтүстік бағыттан жақындап, шығыс жағалауды бойлай ұшқан. Кейін Тайваньның солтүстік-шығысындағы Цзилун қаласы маңынан әуе қорғанысын сәйкестендіру аймағынан шыққан.

Ресейлік бомбалаушы ұшақтардың қозғалысын бақылау үшін Тайвань әскери-әуе күштері F-16 жойғыш ұшағын көтерген.

Бұл Ресейдің стратегиялық авиациясының Тайвань маңында бір апта ішінде екінші рет тіркелуі. Бұған дейін, 17 қарашада да ресейлік әскери ұшақтардың аралға жақын аймақта ұшқаны хабарланған.

Айта кетейік, әуе қорғанысын сәйкестендіру аймағы мемлекеттің егемен әуе кеңістігімен бірдей емес. Сондықтан мұндай аймаққа кіру мемлекеттік әуе шекарасын бұзу болып саналмайды.

Оқиға Қытай мен Тайвань арасындағы шиеленіс сақталып отырған кезеңде болды. Бейжің Тайваньды өз аумағының бір бөлігі деп есептейді, ал Тайвань билігі аралдың дербес басқару жүйесін сақтап келеді.

Әзірге Ресей тарапы әскери ұшақтарының Тайвань маңындағы әрекетіне қатысты түсініктеме бергені туралы ақпарат жоқ.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Ту-95МС
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз