Live

Сорбұлақ көлінен жоғалған тікұшақтағы бір экипаж мүшесінің денесі табылды

Алматы облысында құтқарушылар жоғалған EC-145 әскери тікұшағының бөлшектері мен бортта болған бір адамның денесін тапты.

Фото: ашық дереккөз

 Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, табылған заттар шамамен 14 метр тереңдіктен шығарылған.

Ведомство өкілдері марқұмды анықтау жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, іздестіруді жүргізіп жатқан сүңгуірлерге лай шөгінділері кедергі келтіріп отыр.

Еске салайық, тікұшақ 25 шілде күні Жамбыл облысында радардан жоғалған еді. Іздеу аумағы спутниктік деректер арқылы анықталып, арнайы топтар мен техника жіберілген. Келесі күні Сорбұлак көлінің ёбетінен май дағы мен әуе көлігінің кейбір сынықтары табылған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Сорбұлақ