Live

Сот Хасан Қасымбаевтың жазасын өзгерткен жоқ

Апелляциялық сот Хасан Қасымбаевқа қатысты бірінші инстанция сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Фото: из открытых источников

Былтыр 11 қарашада Талғар аудандық соты «адам ұрлау», «бопсалау», «денсаулыққа ауыр зиян келтіру» баптары бойынша айыпталған Хасан Қасымбаев пен тағы бес адамды кінәлі деп танып, 8 жылдан 22 жылға дейін бас бостандығынан айырған.

Ал қорғаушылары алғашқы сот үкімін негізсіз деп танып, күшін жоюды сұраған еді. Үкім өзгеріссіз қалды. Яғни, Хасан Қасымбаев – 12 жылға, Сайлау Ақтанов – 8 жыл 6 айға, Данияр Асқаров пен Руслан Әлиев – 8 жылға, Мадияр Қалымжанов – 9 жыл 6 айға, Нұрмұхамет Сұлтанбеков – 22 жылға темір торға қамалады.

Сайт Әкімшілігі