спорт

Спорт министрі Шайдоровқа қатысты дауға пікір білдірді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың келісімшартына қатысты туындаған резонансты жағдайға түсініктеме берді. Ведомство басшысының айтуынша, даулы мәселе толық реттелген.

Фото: РИА Новости

Министрдің сөзінше, спортшыға келісімшарттың барлық шарттары егжей-тегжейлі түсіндірілгеннен кейін құжатқа қол қойылған. Ол бұл келісім барлық спортшыларға ортақ стандарт бойынша әзірленгенін және жеке бір атлет үшін өзгертілмейтінін атап өтті.

«Құжат халықаралық стандарттарға сай жасалған. Сондықтан БАҚ қысымына қарамастан, оның шарттарын нақты бір спортшы үшін өзгерте алмаймыз», - деді Ербол Мырзабосынов.


Министрдің пікірінше, жағдайдың ушығуына тараптар арасындағы коммуникацияның жеткіліксіздігі себеп болған. Яғни екі жақтағы менеджерлер мен жауапты тұлғалар келісімшарттың мәнін дер кезінде және дұрыс түсіндіре алмаған.

Сонымен қатар министр бұл оқиғаның салдарсыз қалмағанын айтып, жауапты тұлғаларға әкімшілік жаза қолданылғанын жеткізді.

Сайт Әкімшілігі