Судың да сұрауы бар: әкім Ахметов Байахметовке әлі де сенеді
Шығыс Қазақстан облысының көптеген ауылдарының таза ауызсуға қол жеткізуі қиындап кеткені басы ашық мәселеге айналғалы қашан.
Ауыз суқұбырын тартуға жауапты мердігер компаниялар мен жергілікті әкімдіктердіңбюджет қаражатын игеруде ым-жымының бір болуынан қарапайым халық зардап шегіпотыр.
«Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледінің» керінаякөздіктер тартып отырғанын бұған дейін де жазған болатынбыз. («Байахметовжұтым суы «жырға айналған» ауылдар үшін жауап бере ала ма?», «Жас алаш»газеті 01.10.2019 ж ). Онда ауданға қарасты Мыңбұлақ, Қопа, Мамырсу ауылдарыныңқазіргі жай-күйін баяндаған едік. Сөйтсек, Аягөздегі ауыз су «жыры» ауданорталығының өзін де айналып өтпеген екен.
Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа жәнеөңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтің Қаржы министрлігінеқарасты Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жолдаған хатына орай келген жауапқазер салсақ, талай шындықтың шымылдығы ашылады. Бұл жайды депутат Н. Сабильяновпенауыз суға қатысты көтерген мәселесіне қатысты хабарласқанымызда білдік.
«Жасыратыны жоқ, өзімнің сайлау округтерін аралаған сайыналдымнан жиі шығатын жұрттың жанайқайы осы ауыз судан шығып отыр. Мердігеркомпаниялар осы салаға қатысты жұмысты атқаруды мойынға алғанымен, істі соңынадейін жеткізбей, ақыр аяғында қарапайым халық зардап шегеді. Ең сорақысы, жобабойынша жүргізілген ауыз су тарту жұмысын жергілікті атқарушы билікаяқталмағанына қарамастан, қабылдау актісіне қол қояды. Сөз жоқ, бұданжергілікті шененунік басшылар мен мердігер компаниялардың «бармақ басты,көзқыстылықтары» көрініп тұр»,-дейді Н. Сабильянов.
Мәжіліс депутаты осылай дей келе, Аягөз қаласына қатыстытиісті орындарға жолдаған хатына орай келген жауаптарымен таныстырды. Мәселен, «Аягөзауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғынүй инспекциясы» мекемесіне ШҚО ІМ аудит департаменті тарапынан жүргізілгенқаржылық тексеруде анықталған былықтар жетіп артылады. Департаменттің аудит қорытындысына сүйенсек, 2017 жылғы 26 желтоқсанда Аягөзқаласының кәріз желілерін қайта жаңарту бойынша 1- кезектегі нысаны пайдалануғақабылданып кеткен.
Алайда, бұлнысан қазір жұмыс істемейді екен. Дәл осы жылы бөлінген 671 130,9 мың теңге қаржы толық игерілсе де 37 000 тұрғынныңкәріз желілерінің игілігін көруден қол үзгені белгілі болып отыр.
Бұл аздай, мемлекеттік қабылдау комиссиясы құрылыс объектісініңтолық дайын еместігіне қарамастан, осы нысанға негізсіз қабылдау жәнепайдалануға беру актісін жасаған.
«ШҚО Аягөз ауданы Аягөз қаласының кәріз желілерін қайтажаңарту 1 кезек» жобасы бойынша сметалық құны шегінде бұрын бекітілген жобағаөзгерістер енгізілген. Бірақ, жоба мемлекеттік сараптамадан өтпеген. Соныңсалдарынан бекітілген жобалық құжаттамаларсыз құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізугежол берілген.
Аудит барысында жоба бойынша орындалған жұмыстардыңкөлемі қаралды, Оның қорытындысы бойынша, жалпы сомасы 21 178,82 мың теңгегебюджет қаражатын негізсіз пайдалануға жол бергені анықталды» делінген ШҚО ІМаудит департаментінің ақпаратында.
Осыған байланысты, департамент тарапынан ШҚО Сәулет-құрылысбақылау басқармасына тиісті шаралар қабылдау және құрылыс жұмыстарын сапасынтексеру Шығыс Қазақстан облысы бойыншасыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тиісті құжаттар жолданғаны белгілі болыпотыр.
«Аягөз ауданы, Аягөз қаласының су құбыры құрылыстары менсу құбыры желілерін қайта жаңарту (4-кезек)» нысаны бойынша мамыр айындажүргізілген тексеру комиссиясының қорытындысы бойынша осы жұмысқа жауаптымердігер компания -«Қазэлектроинжиринг» ЖШС-нің 80,0 млн.теңге сома көлемінде қаржылықбұзушылықтар анықталып отыр.
«Судың да сұрауы бар» дегенді қанша қайталап айтқымызкелгенімен, аякөздіктердің басты проблемасына айналған ауыз судың толықжеткізілмеу себебін толық аша қоймасы аян. Алайда, осы мақсатқа бөлінген бюджетқаражатының құмға сіңген судай жым-жылас болып кетуіне, маңызды жұмыстың дұрыс аяқталмауынкөре тұрып қабылдануы қалай сұраусыз кетпек? Бұл жағдайдан, қазір облыс әкіміДаниал АХМЕТОВ хабарсыз деуге де негіз жоқ. 2017 жылдың соңынан басталғанАягөздің өзекті мәселесін шешуге сол кездегі аудан әкімі Бақытжан БАЙАХМЕТОВ және оның ТҮКШ бойынша орынбасары Бауыржан НҮКІБАЕВ бастаған шенеуніктержауапты болатын. Ал, ШҚО әкімі таяуда ғана шапқылап барып, Аягөздің басындағыжағдайды көріп қайтқанда, қасындағы орынбасары Б. Байахметовті қоса ертіпаралап шықты. Демек, жоғарыда келтірілген фактілерден, яғни, өзінің қазіргіорынбасары жол берген қаржылық бұзушылықтардан бейхабар болуы мүмкін емес.
Фотоны автор ұсынды.