спорт

Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасына жолдама алды

Таеквондодан Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан Азия аймақтық лицензиялық турнирінде қазақстандық Батырхан Төлеуғали Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Фото: из открытых источников

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырдан жартылай финалда Сауд Арабиясы өкілі Әли-Мабрук-әл -Мабрукты жеңді.

Осылайша, 17 жастағы спортшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама алды.

Батырхан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Спартакиада чемпионы.

 

Фото: olympic.kz

Т. РАУШАНҰЛЫ