Live

Таиландтан эвакуацияланған шала туған сәби ауруханадан шығарылды

Таиландтың Пхукет қаласынан Қазақстанға арнайы эвакуацияланған шала туған сәби ұзақ ем қабылдағаннан кейін ауруханадан үйіне шығарылды.

Фото: видео-скрин

Дәрігерлердің мәліметінше, нәресте екі айдан астам уақыт бойы мамандардың бақылауында болған.

Тексеру кезінде оның өміріне қауіп төндірген ішек перфорациясы анықталып, шұғыл түрде ота жасалған.

Балалар хирургтерінің дер кезінде көрсеткен көмегінің арқасында сәбидің өмірі сақталып қалды.

Қазіргі таңда нәрестенің жағдайы тұрақты. Оның салмағы 2 500 грамға жетіп, дәрігерлердің рұқсатымен үйіне шығарылды.

Сайт Әкімшілігі