Live

Талғарда әкесінің зиратына барған 24 жастағы жігітті пышақтап өлтірді

Әлеуметтік желілердегі мәліметке сәйкес, оқиға түнде болды. Марқұм інісімен бірге әкесінің қабіріне Құран бағыштау үшін зиратқа барған. Қайтар жолда олардың жолын үш жас жігіт бөгеген.

Фото: из открытых источников

Көліктегі ағайынды жігіттер жол беруді сұрағанымен, қарсы тарап «айналып өт» деп жауап берген. Осыдан соң ашуға мінген, екі қолында пышақ ұстаған ер адам 24 жастағы жігітке шабуыл жасаған. Нәтижесінде екі өкпесіне сұққан. Алдын ала дерек бойынша, пышақтаған жігіт - 20 жастағы бозбала. 

Алған ауыр жарақаттарынан 24 жастағы азамат ауруханада көз жұмды. Журналист Нұртай Лаханның айтуынша, марқұмның артында екі қызы қалды.

Полицияның хабарлауынша, жедел-іздестіру шаралары барысында үш күдікті ұсталды. Олардың барлығы марқұмның ауылдастары (Нұра ауылы). Қазір «кісі өлтіру» және «бұзақылық» баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Талғар қылмыс